Мен нұротандықпын
Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуындағы барлық жетістіктеріміз,ерекше өрлеуіміз, өркендеуіміз, дүниежүзілік дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең,дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас дамуымыздың бастауы-біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігінде. Тәуелсіздік халқымыздың талай ғасырлардан бері ата-бабаларымыздың арманы болғаны-тарихи шындық. Әлемнің көптеген озық елдері бұл шындықты мойындап,қазақ елін құрметтейтінін көріп отырмыз. Құрылған күннен бастап "Nur Otan "партиясы егемен еліміздің қарқынды дамуы үшін қызмет етіп келеді. Халқымыздың береке-бірлігінің артуына, еліміздің саяси тұрақтылығын нығайтып, экономикалық реформаларды табысты іске асыруда.
Алдағы уақытта да "Nur Otan "партиясының ауданымызда сайлауалды бағдарламасының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!"толық жүзеге асып, халық сенімін абыроймен ақтайды .
Лариса Қайырғалиева, Сайқын ауылы
#Меннұротандықпын
#Бастауышпартиянегізі2021
