Мен нұротандықпын
Мен 2014 жылдың 9 ақпан айынан бастап Нұр Отан партиясының мүшесіне қабылдандым. Мен Нұр Отандықпын.
Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Nur Otan». Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1999 жылы 1 наурызда негізі қаланған партия өз қатарына миллиондаған қазақстандықты жинады. Партия еліміздің негізгі саяси күші саналады.
«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы- қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарламалар жиынтығы.
2021 жылдың маусым айында "Жастар-Отанға!" бағдарламасы бекітілді "Жастар-Отанға!" бағдарламасы, жастардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған 5 бағыттағы жұмысты қамтиды: азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана және жас отбасыларды қолдау, тұлға ретінде даму мен бос уақытты тиімді өткізу. Атап айтқанда, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтық қысқартылады, жастардың ғылыми-зерттеу әлеуеті артады, отбасы институтына, сондай-ақ жас дарындарға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
Халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бірауыздан бәріміз шын жүрекпен үлесімізді қосайық.
Кадыров Бисен Нұрбекұлы, Сайқын ауылы
