Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Наурыз құтты болсын немесе «Самарқандтың көк тасы» туралы!

Наурыз құтты болсын немесе «Самарқандтың көк тасы» туралы!


1-сурет. Самарқандтағы Шердор медресесін Жалаңтөс баһадүр 1619-1636 жылдары салдырған.

Кішкентай кезімізде үлкен кісілер «Самарқандтың көк тасы еріді», енді міне Наурыз келді деп айтатын. Шынында ол сөзді тура мағынасында қабылдайтын едік. Кейін есейе келе зер салып қарасам, бірнеше мағынасында қолданылады екен.


2-сурет. Самарқандтың көк түсті қабырғалары.

1. «Самарқандтың көк тасы еріді» деген сөз тас екеш тастың өзі жібіді, ал адамдар бір біріне мейірімін төксін деген мағынада деп түсінемін.


3-сурет. Әмір Темір империясының орталығы - Самарқанд қаласы.

2. Тағы бір мағынасы былай деп айталады. Ескі бір заманда Мәуреннахрды билеген бір қазақ билеушісі (бәлкім, Жалаңтөс баһадүр болар) Наурыз күні өз тағынан түсіп, кез келген қарашыға (қарапайым адамға) бір күнге өз орын береді екен. Яғни, бір бәріміз Жаратушының алдында бәріміз теңбіз деген мағынаны білдірген болар.


4-сурет. Қайта қалпына келтірілген Әмір Темірдің бейнесі.

3. Самарқандта билеуші болған, атақты Әмір Темірдің ұрпағы Ұлықбек Самарқандта кезінде өз дәуіріне сай обсерватория салдырғаны мәлім. Мүмкін сол зерттеулерін жүргізген кезде дәл Наурыз күні – күн мен түннің теңесетін күні табиғаттың кереметі тастың өзі де жібуі мүмкін ғой.


5-сурет. Самарқандтағы Ұлықбек обсерваториясы.

Қалай десек те, Наурыз түркі-иран халықтарының төл мерекесі!
Әз Наурыз құтты болсын, достар!


1
0
5571

Осы тақырып бойынша

Наурыз құтты болсын немесе «Самарқандтың көк тасы» туралы! - Yvision.kz