Найман, Арғын қосылса...
Шежіре – қазақи тарихи санада мықты орын алған ата тегі, тектілік туралы қауымдық, коллективтік түсінік. Шежірелердің нақтылығы олардың алуан түрлерін бір-бірімен және жазба тарихнама деректермен салыстыру арқылы анықталады. Кеңес дәуіріндегі тарихнамада шежірелер есепке алынбай ғана қоймай, оларға мүлдем қарсы пікір қалыптасты. Әйтседе, шежірелер қазақ санасында өшкен емес...
Ата жұртымның шежіресі

НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ
Ұраны – Қаптағай!
Найман -> Сарыжомарт, Төлегетай, Терістаңбалы
Төлегетай -> Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл
Қаракерей -> Тоқпақ, Жанқұлы, Қазығұл, Базархан, Мейрам
Мейрам -> Байторы, Ерторы
Байторы -> Байыс, Балқыбек, Жалқыбек
Байыс -> Сарымырза/Мұрын/, Сыбан, Қыржы, Ахметқұл,Байғана, Болатшы, Жұрынтай және
(Әз) Мақтақыз /Тоқтарқожаның әйелі/
Тоқтарқожа / Мақтақыз / -> Байжігіт, Жанжігіт.
Ақселеу Сейдімбектің Қазақтың Төр Шежіресі бойынша Байжігіт елі Найманның ішінде ұлы анамыз Мақта Ападан тарайды. Мақта – Байторы-Байыстың қызы. Байжігіттің әкесі – шежіре мен жылнамалардан белгілі Тоқтарқожа. Байжігіттен тараған ұрпақ Найман ішінде Төрт Байжігіт аталады: Тоқтарқожа Байжігіт / Бұрынғы өткен бабамыз / Шежіреге қарасақ / Төрт Байжігіт арамыз – Жұмық, Тоғас, Бай Мәмбет, Қарақұрсақ боламыз, Үйрек ұшып, Қаз қонса, Сарқылмаған сабамыз... (Әлімғазы Жаманкөз ұлын қызы Гүлғасылдың жоқтауы, Шауешек, 1944 ж.). «Әлімғазы – Шайбек (Сайбақ) ханның он бесінші ұрпағы», - деп жазады зерттеуші Балхаш Бафин*. «Тоқторқожа-Байжігіт» делінуы ел аузынан кеңінен тараған деректер бойынша Шайбақ ханның ұрпақтары ағайынды Тоқтарқожа мен Толымқожа Қазақ-Жоңғар соғысынан көп бұрын (Ақсақ Темірдің заманы болса керек) Шудың бойындағы Байыстың елін паналапты. Ұлы жұт кезінде ерлігі мен тапқырлығының арқасында байдың мыңдаған жылқысын аман сақтап қалып, үлкен сенімге ие болғандықтан, Байыстың жеті ұлының ортасында бұлаң өскен, ақылды және ерке қызы, «арпа ішінде бір бидайы», Мақтақыз Тоқторқожаға ұзатылған. «Тоқтарқожа мен Толымқожа аталған қасиеттерімен бірге дін таратушылық міндеттерін де ел арасында атқарған болу керек»**, - деп жазады әкеміз «Тәңір Құтын іздедім» атты кітабында. Тоқторқожа-Мақтаның Байжігіт пен Жанжігіт атты екі ұлы болады. Олар есейгенде жасы жеткен Тоқтарқожа кенжесі Жанжігітті ертіп Шәйбани еліне қайтады. Тілші және тарихшы Балхаш Бафинның жазуы бойынша - «Жанжігіт ұрпақтары Самархан, Бұқар жақта, Зарабшан тауы және Жұпар қорығы маңайындағы «Кірекеш Найман» деген рулы ел болар, қазір «Найман Өзбек» деп аталады». Іздемпаз білгір ғалым Бафин (Бапин) шығыс және батыс тарихнамаларындағы деректерге сүйеніп (Рашид-ад-диннен бастап, Қадырғали бек пен Шәкерімді қостап, орыс, моңғол, батыс ғұламаларына сүйеніп – барлығы 39 дереккөз) Ақселеудің шежіресінен ілгері жасалған «Ата шежіресінде» Байжігіт-Тоқтарқожа аталарын былай таратады: Күшік сұлтан <- Болат (Фулад) <- Жармұхамед (Йар Мұхамед) <- Сүйініш сұлтан <- Мұхамед Шайбани Хан (қазақ шежірелерінде – Сайбақ хан). Мұхамед Шайбани (1451 – 1510) Жошы ханның ұрпағы. Жошыдан (14 ұлы болған) -> Шибан (12 ұлы болған) -> Баһадұрхан (Шәкерім Құдайберді ұлының жазуынша «1300 жылы өлген, Ноғайхан деп жүргеніміз осы Баһадұрхан болса керек») -> Жошы Бұқа -> Барағұл (яки, Абдал оғлан) -> Мөңке (яки, Минг Тимур) -> Болат (Пулад) -> Ибақ (Ыбырайм) -> Даулетшайых (Толошықұлан) -> Әбілқайыр (17 жасында хан сайланған, 1412 жылы, қазақ жылнамасы бойынша Ұлу жылы туған, 1468, Тышқан жылы дүниеден өткен, Сығанақта жерленген) -> Шаһбұдақ сұлтан (анасы Маңғыттың қызы Нүркіт бәйбіше). Шаһбұдақтың ұлы Мұхамед Шайбани Әз-ана Аққозы бикеден туған (кейбір деректерде қалмақтың Алтынханының қызы). Қазақ-Өзбек Сайбақ ханы 16 жасында ақ кигізге көтерілген, дарынды қолбасшы, ғалым, ақын, «Шаһ Бақыт» (Бақыт Патшасы), «Абдулфаттах Мұхамед» (Жеңімпаз Мұхамед) атанған.

Балхаш Бафиннің «Ата шежіресі». Шәуен Мәсәлімұлының мұрағатынан

Мұхамед Шайбани, шамамен 1507 жыл. Рәсімдеген Камаледдин Беһзад.
2003 жылдың март айында American Journal of Human Cenetics журналында ғылыми қауымды дүр сілкіндірген генетикалық зерттеудің қорытындысы басылды. 23 генетиктерден тұратын халықаралық ғылыми топ Каспий теңізінен Тынық мұхитына дейінгі аумақта тұратын кездейсоқ ер адамдардың ДНК тестілерінің Y-хромосомдарының 8 % осыдан 850-1000 жыл ерте өмір сүрген бір (дара, жеке) адамнан тарағанын анықталды. Аталған пайызды аймақта тұратын адамдардың санына экстрополяция жасалынғанда, әлгі адамның ұрпағы қазір 16 миллионға жеткен. Хромосомдардың негізгі бөлігі Кіндік Азияда шоғырланғандықтан, топ жетекшісі Tatyana Zerzhal «тарихта бұндай бір-ақ тұлға болған, ол – Шыңғысхан» деген қорытынды жасады. Сол 16 000 000 бір тобы қазақ наймандарының ішіндегі Байжігіттер болса керек. Қазақтың кез-келген ру-тайпасы этникалык конгломерат екенің алға тартсақ, бұл тарихи шындыққа жарасады.
Байжігіттердің Шыңғыс ханның ұрпағы деген деректер қазақтың басқа шежірелерінде де айтылады. Әйгілі Найманның ғұламасы Ақтайлақ Биден қалған шежіре әңгімелердің ішінде «Байжігіттің тарихы» дейтіні бар. Онда Сәйбақ хан Әз Жәнібекпен замандас болғаны (XV ғасырдың орта тұсы), оның отыз баласы мен бәйбішесі Жұпар ханым, отыздың бірі Тоқтарқожа – Найман Байжігіттің әкесі екені айтылады. Жұпар ханым басқа да ауыз әдебиет деректерінде кездесетін тұлға, Арқада «Жұпардың қорымы» дейтін аймақ бар. Біздің анықтауымыз бойынша Сайбақ хан Жошы ханның төрт оғланының кенжесі Тоқтыханның (Тоқа Темір) ұрпағы, 1380 жылдары Дешті Қыпшақты билеген әйгілі Тоқтамыстың шөбересі, үлкен ұлы Жәлеләддин ханның Әбді Сейттең (Әбд Сайид) туған. Сейіттер (Сеидтер) қысқа мерзімді династия құрып та үлгерген, Үргенішті билеген. Ата жаулары Ақсақ Темірдің ұрпақтары келіп қаланы шауып, өртегенде Шудың бойында наймандарды паналап, сол жақта Сеид Сайбақтың ұлы Байжігіт Байыстың қызы Мақтаға үйленген. Сайбақтың Жұпардан туған ұлдың бірі Тоқтарқожа – Байжігіттің әкесі екені туралы филология ғылымдарының кандидаты Болатжан Әбілқасымов «Хан батыры Қабанбай» деген зерттеуінде («Қазақ әдебиеті», 1991 ж., 9 мамыр) растайды. Қалай болғанда да түрлі деректер Сайбақ хан - төре, Шыңғыстың кіндігінен тараған ұрпақ екенін бір ауыздан айтады. Және тарихи хронология мен логика бұны жоққа шығармайды.
Сонымен, Найман Байжігіт менің он бірінші атам...

БАЙЖІГІТ ШЕЖІРЕСІ
Ұраны – Қабанбай!
Байжігіт > Жұмық, Тоғас, Мәмбет, Қаратеке (Төрт Байжігіт аталса да, шежірелерде Қаратекенің егізі Айдыбек айтылады. Ұлы Жүздегі нағашы жұртына кетіп қалып, «Алыс» аталған. Құрбанғали Халидидің «Тауарих Хамсасында» «Алыс табы Іле және Жетісу төңірегінде 1911 жылы мұндағы (Тарбағайдағы) туыстарына келіп қайтты» деп жазады (Бафин, 91). Қаратеке (Теке) Қарақұрсақ делінеді, жанама аты Мәмбетей).
«Қабанбай» ұраны Байжігіттер ұранына XVIII ғасырдың аяғына айналса керек. Ерасыл-Қабанбай Мәмбеттің ұлы (басқа баларының аттары Өмір, Дәулет) Қожағұлдан туған (1692 ж).

Қабанбай батыр. Суретші Ганбат Бадамханд https://e-history.kz/kz/publications/view/1153
© e-history.kz
Жұмық -> Болат, Саты, Сайболат, Қожан, Тәуке, Қараша
Сайболат -> Сұғыршы, Қарабас, Жаныс, Жақсылық, Жолымбет
Жақсылық -> Мәметек, Қошқарбай, Шотай, Алманбек, Қазақбай, Тоқтанай («Алты Жақсылық»)
Мәметек -> Атантай, Буратай (Ноқта ағасы), Нартай, Қожабай, Битан

Мәметек батыр.
Суретші Нариман Саламатұлы
Мәметектен тараған ұрпақ қазір Тарбағатайдың ар жақ – бер жағын мекендейді. Бірақ, негізгі ата қонысы – Теріскей (Қазақстан) жағы болса керек. Мәметек өзі жаугершілік заманында үлкен қол басқарып, елге танымал батыр болыпты. Жоңғарлардан Тарбағатайды, оның етегін Қызылсу – Шарға дейін босатып, “осы өлкені менің ұрпақтарым мекендесін” деп өсиет қалдырған екен. Мезгілі келгенде Мәметек Тарбағатайдың теріс айрығындағы Қызылағаш деген жерде дүние салып, сүйегі Қызылсу-Шар өзенінің бойында жерленген. Ақжар – Зайсан жұрты Мәметектің әруағын сыйлап, оны әлі күнге дейін пір тұтып, әулие қатарына жатқызады. Қызылағаштан Шарға дейінгі соңғы сапарында әулие батырдың мәйіті жолдағы Болатсу өзенінің бойында аманатқа қойылыпты. Сол жерде аманатқа қою рәсімі кезінде қадалған төрт тал қадақтан бой алып тараған қалың тоғайды жұрт “Әулие тал” деп атап, осы күнге дейін бір шыбығын кеспей қастерлейді.

Шар өзенінің бойындағы Мәметек зираты.

Мәметек шежіресі. Шәуешек, 2013
Мәметектің ел билеген ұлы (Ноқтағасы) Буратайдан тараған ұрпақ аналарының атымен Буратай-Дәніш, Буратай–Құлшын және Буратай-Құндыз деп бөлінеді. Құлшын мен Құндыз апалы-сіңлілі, әкелері қалмақтың атақты батыры болса керек. Жекпе – жекте Буратайдан жеңіліп, қыздарын өтеуіне берген екен. Көз тоймайтын сұлу болғандықтарынаң атамыз екеуін де тоқал қылып алған.
Буратай-Дәніш > Жаймырза, Сұңқар (Жаманқара), Бабахан, Қараша, Бабатай, Үрпекей
Буратай–Құлшын > Жабай, Тоғас, Боғас.
Буратай-Құндыз -> Бабық, Жабық, Жігітбек, Жирентай,Тортай, Тоңғатар.
Бабық -> Қасбақ, Айматоқ, Бақұт, Тоқты
Буратай-Бабық ұрпағы Тарбағатай-Алтай өңіріне діндарлығымен, білімділігімен белгілі болған. Бабықты сопылық білімі мен әулиелігі үшін халық Бабық Баба деп атап кеткен (Баба, Баб – сопылық (суфилық) дәреже, мысалға, Арслан баб (баба), Әнет баба. т.б.) Бабықтың ұлы Қасбақ әулие атымен әйгілі болған. Қасбақтың ұлы Шандаяқ (қажы) Мәккеде бақилық орын тапқан. Құлыстай өзенінің шығысында ғана Мәметек-Буратайдың ұрпақтары тұрғызған екі мешіт болған. Бірі – Мәсел мешіті, екіншісі - Мәсәлім мешіті. Гүлғасылдың жоқтауында айтылғандай Маметек ұрпағы «Құранын қолдан тастамай / оқыған үлкен ғұлама-ай...» (Бафин, 95)

Бабық Баба кесенісінің орны.
Бабық -> Қасбақ -> Шандаяқ (қажы), Сәлменбай.
Шандаяқтан жалғыз ұл - Мәсәлім (Мұхамед-Сәлім).

Жұмық тайпасының төбе биі Мәсәлім (Мұхамед-Сәлім).
Суретші Ерсен Арыстанбеков
Мәсәлім -> Түсіпхан, Жеңісхан, Қызырхан, Әнуархан, Наурызхан (Шәуен), Мәжитхан, Хамитхан (үш жасында қайтқан), қыздар Рахима (ерте қайтқан), Нұрлыхан (Көкетай), Рысжан, Нұрымхан, Шәйнүр.

Майқайыңдағы Мәсәлім Би зираты

Мәсәлім балалары Шәуен, Мәжитхан, Рысжан, Көкетай, Қызырхан.
Шәуен -> Ерол, Еркін, Еділ, Ернар, Ербол, Ержан, қыздары Мамлакат, Ләйлә, Гүлнәр, Лаура
Ерол -> Ерғали, Ерболат (ерте қайтқан), қыздары Меруерт, Маржан.
Ерғали -> Әулет
Еркін -> Әнуар, қызы Жанна
Әнуардан -> Айзере, Айлин, Қаламқас
Еділ -> Мұхит, Олжас, Алмас, Ерасыл
Мұхит -> қызы Арай
Олжас -> қыздары Кәусәр, Ажар, Рахима, Фатима
Алмас -> Науан, Мағжан, қызы Райана
Ернар -> Елдар, Бекзат, Азат
Елдар -> Әлен, қызы Дәмелі
Ербол -> қыздары Мәлике, Гүлнұр
Ержан -> Азамат, Таңат, Сұлтан
Таңат –> Айсұлтан

Шәуен Мәсәлімұлы әулеті. 1998 жыл.
Шежіре жасалынуда Шәуешек қаласында 2013 жылы шыққан «Мәметек шежіресі», Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми зерттеу орталығы дайындаған Балхаш Бафинның «Шығармалар жинағы» (Алматы, «Ел-Шежіре», 2007), Шәуен Мәсәлімнің «Тәңір Құтын іздедім» атты кітабы және Нұртөлеу Мамытханұлының ізденістері пайдаланылды.
АНА ЖҰРТЫМЫЗДЫҢ ШЕЖІРЕСІ
Арғын

Ұраны - Ақжол!
Арғын
Қодан
Дайырқожа (Ақжол)
Дайырқожа -> Қарақожа, Сомдық
Қаракожа -> Мейрам, Қарасопы, Бәсентиін, Кенжесопы (Ақсопы)
Кенжесопы –> Қанжығали, Тауфиқты (Тобықты)

Тауфиқты (Тобықты) –> Рыспетек (Ерсетік), Дәулетек (Дәулетік, Жуантаяқ)
Рыспетек -> Мұсабай, Көкше, Дадан, Қолық (Құлық)
Мұсабай би -> Тұлұнқожа (Жамантобықты), Сүйірбас
Сүйірбас –> Әлі, Сары, Қожаберген
Сары – >Мәмбетай, Үмбетай, Мәмбетсопы, Кішік
Кішік –> Саңмұрын, Байымбет, Әнет (Әнет баба), Әйтек
Әйтек –> Олжай, Байбөрі, Қалқаман
Олжай –> Айдос, Қайдос, Жандос
Жандос (Жігітек) -> Кеңгірбай, Сеңкібай, Түлкібай, Қарсақбай, Күзембай, Жолымбет

Би Ата. Суретші Мұратбек Жанболатов.
Кеңгірбай (Би Атадан) -> Ералы, Телеу, Нұралы, Қаумен, Қалыбай, Қотанбұлақ
Телеу –> Байдалы, Қараша
Байдалы -> Үркімбай, Көркембай, Бабахан, Аласүгір, Ботахан, Тасымбек
Үркімбай -> Арыстанбек, Омарбек

Арыстанбек зираты.
Арыстанбек -> Қабдолла, Қабылхақ
Қабдолла -> Талғат
Қабылхақ –> Ерсен, Елзат, Елдос, қыздар Рахима, Айтбүбі, Рая (Көкентай)
Ерсен –> Ренат, Еркебұлан, Нұрбұлан
Еркебұлан -> Мирас, Ерназ, Дәулет
Нұрбұлан -> Әлиайдар, қызы Дильназ
Елзат –> Равиль, қыздары Айнұр, Айжан
Елдос –> Жандос, қыздары Мая, Тоғжан
Равиль –> Дәулет
Арғын-Тобықты шежіресін жасауда негізінен Шәкерім Құдайберді ұлының «Түрік, Қырғыз-Қазақ һәм хандар шежіресі» пайдаланылды.
«Ата жұрты» & «Ана жұрты» шежірелерін жасаған Ернар Шәуенұлы Мәсәлімтегі. Алматы, 2020 ж.
