Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

Қараша айында «Nur Otan» партиясының мүшесі, Бөкей ордасы аудандық мәслихатының депутаты Мұхамжарова Манчук Жүсіпқалиқызы қоғамдық қабылдау өткізген еді. Қоғамдық қабылдауда болған ауыл тұрғынындары балаларына қыстық киім кешектен көмек сұрады.

Осы мәселені шешу үшін ауылымыздың азаматы "Алға, қазақ"шаруа жетекшісі, мектеп оқушыларына бірнеше жылдан бері демеушілік танытып келе жатырған Мамаев Тілекжан Рахметұлына өтініш білдірген едік. Бүгінгі күн осы мәселе өз шешімін тапты. Жақсылыққа жаны құмар жан тағы да өз көмек қолын созып, аз қамтылған отбасының он екі баласына қысқы куртка мен аяқ киім алып берді. Жомарттық қасиеті арқылы жан дүниесінің байлығын көрсететіп отырған Тілекжан Рахметұлына алғысымыз шексіз.#NurOtan

0
0
167

Осы тақырып бойынша