Қоғамдық қабылдау
"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиал қоғамдық қабылдау кестесіне сай, аудандық мәслихат депутаты Махимов Ғайса Темірболатұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Хан ордасы ауылының тұрғыны, аудандық Жастар ресурстар орталығының кеңесші маманы Бисенгалиев Жантөре Құрмантайұлы қабылдауға келіп, Хан ордасы ауылында жастарға және халықты спортпен айналысу мақсатында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөліп,бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін барлық жағдай жасау жөнінде міндеттер қойылған болатын. Мемлекетіміздің басшысы жолдауын басшылыққа алып, Хан ордасында әрбір азаматтардың спортты өмірлік сүйікті ісіне айналдыру үшін Хан ордасы ауылында 160 орындық Дене шынықтыру- сауықтыру кешенін ( ФОК) салдырту жөнінде усынысын айтты.
