Қоғамдық қабылдау
«Nur Otan» партиясы аудандық филиал ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары Меңешов Біржан Нұрланұлы жұмыс жоспарына сай қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Гайсина С.-өзінің жағдайын айтып қысқы отыннан көмек сұрады. Бұл өтініші бойынша Сайқын ауылдық округі әкімі Н.Умарова қысқы отыннан көмек көрсетті. Сонымен қатар Гайсина С. өзінің үйіне газ кіргізе алмай жүргенін айтыпта көмек сұраған еді. Бұл сұрау бойынша ауылымыздың беделді азаматтары 100 мың теңгеден ақшалай көмек көрсетті. Қалған газ кіргізуге қажетті құралдарын келісім парағы арқылы аулымыздың кәсіпкері көмек көрсетеді. Басқада қабылдауға келген тұрғындарымыз өздерінің толғандырып жүрген мәселелерін айтып сол жөнінде түсінік алды
