Партиялық билет табыс етілді.
Бүгін, 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай “Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында партия ардагері Арстанбеков Тлеген Керейұлы білім саласы қызметкерлерімен мерекелік кездесу өткізді. Кездесу барысында Тлеген Керейұлы еліміздің даму жолы, жетістіктерімен шыққан белестері, әлемнің дамыған өркениетті мемлекеттерімен терезесі тең, беделі бекем, болашағы зор мемлекет болып қалыптасуына Елбасының еңбегі зор екендігін айтып, бүгінгі мерекенің маңыздылығына тоқтала кетті. Сонымен қатар айтулы күнде партия қатарына жанадан қабылданған азаматшаларға, салтанатты түрде партиялық билет табыс етілді. Шара соңында ізгі-тілектер айтылып, барша жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтады.
