Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Политикалық көшбасшы

Политикалық көшбасшылар өте көп. Елі, жері үшін қара терге түсіп қызмет етіп жатқан азаматтар аз емес. Солардың бірі-Нельсон Мандела. Өмірден 2013 жылы өтсе де еліне істеген қызметі әлемге мәлім.

1918 жылдың 18 шілдесінде дүниеге келген. Оның шын есімі Холилала ("бұзық" деген мағынаны білдіреді). Мандела өз отбасындағы мектепке барған алғашқы бала. Бірнеше оқу орнын бітірген ол 1943 жылы жаппай көтерілістерге қатысады. Көтеріліс барысында өзі сияқты жастармен танысып, Африканың Ұлттық Конгресіне мүше болады.

1956 жылы дәл сондай көтерілістердің бірінде ол тұтқынға түседі. 4 жыл бойы сот жұмыстары болып, нәтижесінде ақталып шығады.

Ол Африка Ұлттық Конгресінде апартеид жүйесін жүргізеді. Олардың негізгі мақсаты ақтар мен қаралардың құқықтарын теңдей қылып, елде бейбітшілік орнату болды. Басшылықтан оған келіп түскен наразылықтар аз болмады. 1962 жылы 4 түрлі кінә тағылып өлім жазасына кесу туралы жарлық шығады. Алайда 1964 жылы өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырылу шешімімен өзгертіледі. Өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген Нельсон Манделаны бүкіл дүниежүзі қолдап, оның бостандыққа шығуын талап етеді.

Оңтүстік Африка Республикасының соңғы "ақ" президенті Фредерик де Кларк Манделаны бостандыққа шығаруға шешім қабылдайды.

Түрмеден шыға салысымен ол өз жұмысын жалғастырып кетеді. 1994 жылғы сайлау бойынша Нельсон Мандела Оңтүстік Африка Республикасының алғашқы "қара" президенті атанады. Өзінің 5 жылдық билігінде ол елді аяғына тік тұрғызды. 2 миллион халықтың үйіне электр қуатын жүргізіп, 3 миллион халықтың қолын суға жеткізеді. Балаларға тегін медициналық көмек беруді талап етіп, ғылымға көп көңіл бөлген.

2009 жылдың қараша айында  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 18-ші шілдені Халықарақыл деңгейде "Нельсон Манделаның күні" деп жариялады.

Осы жағдайлардың барлығы ақтар мен қаралардың бейбітшілік өмірге келуіне Нельсон Манделаның үлесі өте зор тигенін дәлелдейді.

 
3
0
971

Осы тақырып бойынша

Политикалық көшбасшы - Yvision.kz