Праймериз - партияішілік іріктеу!

Ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 3 қазанына дейінгі аралықта партияішілік таңдау, яғни праймериз өткізу ресми түрде хабарланды. Мақсат-алдағы Мәжіліс пен маслихаттар сайлауларына партия атынан қатысатын көшбасшыларды ашық бәсеке негізінде анықтау. Партиялық тізімдерге халықпен бірлесе үндесетін, халық сеніміне ие азаматтар енуі тиіс. Ашықтық пен жариялықты қолға алған елімізде алғаш рет праймериз арқылы Мәжіліске депутаттарды іріктеу өтеді. Партия қатары креативті, заманауи бағытта жұмыстанатын жастармен толығуы тиіс. Қоғамдағы өзгерістер мен көзқарастар депутаттар белсенділігін көтеруді талап етуде. Елбасының праймериз өткізу туралы тапсырмасы партия мүшелерінің арасынан беделді, белсенді, ойлы азаматтарды іріктеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, саяси ұстанымы мен ұсынысы бар азаматтарды ел дамуы мен игі істер басында көргіңіз келсе, праймеризге қатысуға шақырамын.
Муканова Г.С.
" Жетібай-2" БПҰ төрайымы
