Республикалық «Айбын-2021» әскери ойыны
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Елбасы Н. Назарбаевтың пікірінше: «Біздің алдымызда бабалардың игі дәстүрлерін сақтайтын, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері тұр». Қазіргі ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты. Жас өрендер бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар балабақша, мектеп қабырғасынан оқу-тәрбие процесінің ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет. Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында көптеген кездесулер өткізіліп, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының жұмысын облысымызда алдыңғы қатарға шығару болып табылады. Студенттермен және мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған және Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерімен, әскери қызметкерлермен кездесу және жеңіс саябағындағы «Даңқ залында» экскурсиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар өңірімізден Республикалық «Айбын-2021» әскери ойынына командалар жасақталып көптеген номинациялар бойынша сайысқа түсуде.
