Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сәуленің тағдыры (болған оқиға ізімен)

Сәуле үйдің кенже қызы, Өскеменде туған, отбасында бір ұл және екі қыз. Осында мектеп бітірді, кейін оқуға түсті. Ағасының дімкәстігі бар еді, ал, жалғыз апасы ерте тұрмысқа шығып, әуелден бөлек кетті. Кәрі әке мен анасын асырау оның міндеті болып қалды. Университет бітірген соң, мамандығы бойынша жұмыс істеп көрді, бірақ мандымады. Жалақысы аз және жоғары оқу орнын бітірген қызды кім бірден жақсы жұмысқа ала қойсын? Ата-анасы: «қызым жұмыс істемей-ақ қой, бақытты болуыңды ойла» деді. Дегенмен, кәрі әке-шешісіне ол жәрдемдеспегенде кім қарайды? Қысқаша айтқанда, 3 кісіні асырау бір өзінің мойнына жүктелді.

Сөйтіп жүргенде құрбылас досы Самалды кездейсоқ кездестіріп қалды. Университетте бірге оқыған еді, кейін көрінбей кеткен. Самал сол кезден бері ой үстінде жүретін, дегенмен, ақжарқын, кісіге қолынан келсе көмектескісі келіп тұратын. Самал қал-жағдайды сұрасты, Сәуле қаражаттан таршылық көргенін айтты, ал, Самал Кореяда жұмыс істеп келгенін, тұрмысқа әлі шықпағанын дабдырлап айтып үлгерді. Сәулеге ой келді, егер, Кореяда айына 1 млн. теңге табыс тапсаң, онда, жақсы өмір сүруге болады екен ғой. Ал, мұнда айлығың шайлығыңа жетпейді. Кейін Самалға қайта хабарласып, барлық мән-жайды сұрап алды.

Кореяға Қазақстаннан тікелей рейс болғанымен, ұшу қаражаты да едәуір екен. Құдайға шүкір, табысы аз демесеңіз, тұрақты жұмыстың бір жақсы жері кредит алып жіберді. Әбден ойласып, оны рұқсатнама, медициналық қағаз сияқты және т.б. өзге де қажетіне жұмсады. Самалдың ақылымен қонақ үйдің жалдау қағазын да алып алды. Бәрі ойдағыдай болуы тиіс. Әрине, әке-шеше қарсы болды, бірақ, Сәуле кешегі оқушы, студент қыз емес қой, өзінің ойымен жүреді, шешім қабылдайды. Алматыға жетті.

Ұшаққа отырғаннан бастап жүрегі дүрсілдеп қоя берді, қанша дегемен бөтен ел, кәрісше білмейді, азды-мұны ағылшыншасы бар. Ұшақтың ішіндегі адамдар да қызық екен. Көпшілігі жұмысқа бара жатқан өз отандастарымыз, емделуге бара жатқандары да баршылық. Туристерді бәлендей байқамады.

Ұшақ Сеул әуежайына қонды, тексерістен аман-есеп өтті, дегенмен, 10-15 отандасымызды ұстап қалып жатты. Олардың кейінгі тағдырын білмейді, қашты ма қалды ма әлде депортация жасады ма ол жағынан хабары жоқ. Жалпы, кәрістер түріңе қарап, кіресің не кірмейсің дейтін сияқты!

Әуелі, бөлме-пәтер іздеді, мұнда баға ұшып тұр екен. Құдайға шүкір, жұмыс бірден табылды. Егіс даласына барып, жұмыс та істеді, кейін зауытқа ауысты. Бірақ, дамыл жоқ, иелері де тыныштық бермейді екен. Қала самаладай жарқырап тұр, дегенмен, шаһарды көріп, тамашалайтын уақыт жоқ.

Кейін Сәуле бөлшектер құрастыратын зауытқа орналасты. Бір кәрістің сұлу жігіті Сәуледен көзін алмайды, қашан көрсе де жанынан шықпайды. Мұндағы Филиппин, Өзбекстан, Қазақстан сияқты елдерден келген жұмысшы қыздар мен жігіттер араласа бастады. Дегенмен, Кореядағы әр күніңіз шытырман оқиғаға толы болар еді. Себебі, Сізді елде заңсыз жүргеніңізді және заңсыз жұмыс істеп жүргеніңізді білсе, Кореядан қуылар едіңіз.

Сәуле әрі ойласа, бері ойласа Джусонға ыңғай білдірді, кәріс тілін үйреніп кетпесе де, түсінетін деңгейге жетіп алды. Сәуленің ендігі мақсаты Джусонға тұрмысқа шығып, Кореяның азаматтығын алу.

Бірақ, Джусон Сәуле ойлағандай жігіт болмай шықты. Есірткі тұтынатын, бар ақшасын соған салып жіберетін жігіт екен. Есірткіге елтіген адамның қандай есі болушы еді? Кейде қол көтереді, үйден шығармайды. Сәуленің ендігі өмірі көзінің жасын сығумен болды. Ата-анамды асыраймын, қаражат табамын деп жер түбінде келгенде алдағы өмірі қандай болмақ?!

Суретте: кешкі Өскемен!

0
0
621

Осы тақырып бойынша

Сәуленің тағдыры (болған оқиға ізімен) - Yvision.kz