Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саралжын ауылының сайлаушыларымен кездесу өтті.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исетай Габдуллин және Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Лариса Қайырғалиева, Анарбек Белисанов, Айбарша Бейсова Саралжын ауылының сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Шара соңында әрбір сайлаушылардың дауысы маңызды екенін айтылып, аудандық сайлауалды бағдарламамен таныстырылып, 10 қаңтарда өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясына дауыс беріп, қолдауға шакырды.

Осы тақырып бойынша

Саралжын ауылының сайлаушыларымен кездесу өтті. - Yvision.kz