Сіздер үшін мағынасы жоқ жазба...
22:53 02.11.2017
Үнсіздік...
Үнсіздік. Сіз үнсіздікті қалай түсінесіз? Ешқандай дыбыссыз бос ғалам ба? Әлде өз қалауыңызша, ешнәрсені естімей, дыбыс шығармау ма?
Менің үнсіздікпен жалғасқан күндерім өтуде. Cірә, солай жалғаса да бермек... Үнсіздікті жаным қалайды. Ол жалғыздықты шақырады. Ал жалғыздығым мені күннен-күнге өзгертіп жатыр. Жалғыз болған сайын күш-қуатым артып, ешкіммен көмек қолын күтуді қойдым. Өз мәселелеріме өз бетіммен ғана қарап, өзім шешетін болдым. Түбіне келгенде, бұл ісімнің дұрыс еместігін білемін. Себебі, жалғыздық - адамзатқа қай заманда болсын жарасқан емес. Ол жат нәрсе... Бірақ мен оған үйренісіп, бауыр басып қалдым. Тақырыптан сәл ауытқып кеттім. Үнсіздік туралы сөз қозғап отырғанмын...
Үнсізідік -ең күшті сезімдерді жасырады. Үнсіздік шынайы сезім. Оны сезе білген адам ғана, өзге жағдайларда жанындағы адамдардың халін түсіне алады. Солармен бірге, сол адамның әлемін көре алады. Мен үнсіз адаммын. Иә, адам атаулымен көп қарым-қатынасқа түсе бермеймін. Жанымда сыйласа білетін нағыз достарымның, жақындарымның бар болуы мен үшін жеткілікті. Адамдармен араласқан күннің өзінде де оларға сезімімді білдіріп, жылы сөздер айтып көрмегенмін. Бәлкім, жұдырықтай жүрегім суық та болар. Осы үнсіздігімнің кеселінен опық та жедім, өкінген кездерім де болды. Талай рет жүрегімнен шыққан сөздер айтылмай, жанымды бақытқа бөлеген сезімдерім білдірілмей де қалды. Осы жағдайлардың барлығына мына өзім себепкермін. Кінәлі емес, себепкермін. Ар-намысқа жол беріп, үнсіз қалған сұрақтар мен жауаптарым қаншама... Мен оған өкінбеймін, өкінген де емеспін.....
