«Sofie MedGroup» медициналық клиникасының кардиохирургтары 70-гі науқастың жүрегіне сәтті ота жасады

Медицинада мұндай ауруды жүректің ишемиялық ауруы деп атайды. Айта кету керек, бұл коронарлық артерия жүйесіндегі патологиялық процестерге негізделген жүрек бұлшықетіне артериялық қан берудің төмендеуінен немесе тоқтауынан болатын созылмалы миокардтық зақымдану болып табылады. Жалпы, жүректің ишемиялық ауруы - кең таралған ауру түрлерінің біріне жатады. Өлім құрылымында жүрек-қан тамырлары аурулары бірінші орында болса, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы шамамен 40% құрайды.

Науқаста бұрын миокард инфарктісі болған, яғни жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы байқалған. Кардиохирургтар науқасқа бірнеше рет коронарлық артерия жасаған. Алғашында ентігу пайда болып, жағдайы күрт нашарлай түскен. Клиникаға барып анализ қорытындыларынан соң, шұғыл түрде хирургиялық араласу қажет болды. Тексеру барлық коронарлық артериялардың айтарлықтай зақымданғанын көрсетті. Науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – ота жасау. Айта кету керек, үш сағатқа созылған ота сәтті аяқталды.
«Бұл жоспарлы ота санатына кіреді. Скринингте науқастың жүрек соғысы нашарлағаны көрініп тұрды. Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде коронарлық ангиография жасалды, бұл жүрек соғысының бәсеңдеуін анықтайды. Хирургиялық ота науқас үшін ең қауіпсіз жолы болды және мейлінше жарақатсыз жасалды. Бұл кісі біздер ота жасаған жас шамасы ең үлкен науқастың бірі. Жалпы алғанда, науқас ота жасауға келісім беріп, моральдық және психологиялық тұрғыдан алдын-ала жақсы дайындалып келген, оның өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғысын да білдірді», - дейді Ағзам Алдешев.

Егер ота уақтылы жасалмаған жағдайда, науқас көз жұмуы мүмкін еді немесе жүрек соғысы әбден нашарлап, соңы мүгедектікке әкелері сөзсіз. Отадан кейінгі кезеңде науқас қант, холестерин, артериялық қысымды үнемі бақылауда ұстап, әрдайым кардиолог дәрігердің бақылауында болады.
Айта кету керек, бұл әрдайым жоғары деңгейдегі кәсіби хирургиялық шеберлікті қажет ететін күрделі операция санатына кіреді. Жалпы, «Sofie MedGroup» медициналық клиникасы барлық тәуекелді бағалайды.

Айтпақшы, науқас жақында клиникадан үйіне жіберілген болатын. Болашақта ол диспансерлік есепте тұрады және медициналық көмек қажет болған жағдайда, өзі тіркелген клиникада кардиологқа қаралып тұрады.

