Үстіміздегі жылдың 5 маусымында «Автомобильсіз күн» акциясы өтеді

Акция Маңғыстау өңірінде де өткізіледі. Бұл ретте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы барша автокөлік иелерін аталмыш акцияны қолдауға шақырады. Бұл күні жеке автомобильді пайдаланушылар саны азайып, қоғамдық көлікке мінушілер, велосипед теуіп, жаяу жүрушілер саны артады деп күтілуде.
