Төтенше жағдай қызметкерлері күні аталып өтілді.
19 қазан -төтенше жағдай қызметкерлері күні "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Исатай Құрмашев осы маңызды сала қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.
📷-Еліміздің қарулы күштеріне жататын бұл сала қызметкерлері партия мүшелігіне кірмейді, алайда олар елді күтпеген қатерден сақтайды, жаманатты жолатпауға тырысады. Жамбыл облысында болған қойма жарылысындағы төтеншеліктердің көрсеткен жанкештілігі соның айқын дәлелі. Төтенше жағдайларды алдын алу шараларың жемісін беріп, күтпеген қатерден аулақ болған абзал. Десе де тажал кенет тап берер болса, дәл осы азаматтар кеудесін отқа да, суға да тосып, құтқаруға жететін, -деп аталмыш саланың маңыздылығын айқындай түскен Исатай Құрмашев
📷төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Максим Елдосов
📷 Сайқын өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Мереке Мақсотовқа құттықтау хат табыстады. (Марапат иесі іссапарда болғандықтан құттықтау басшысына берілді).
📷Жиынға қатысқан аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ержан Айтқалиев пен аудандық мұрағат директоры Қуаныш Елемесовтердің пікір-ниеттері үндес келді.
Өз кезегінде өрт сөндіру бөлімінің бастығы Сабыржан Ибрашев пен төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Максим Елдосов ризашылықтарын айтып, әріптестеріне қызметті абыроймен атқара беруге үндеді.
#орда_ақпарат
#мерекелік_құттықтау
