Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай Нұр отан мүшелері Облыстық мәслихат депутаты Исетай Габдуллин Есетұлы және аудандық мәслихат депутаты Айбарша Беисова Сырымқызының ұйымдастыруымен ауылдық Мәдениет үйінде 1991жылы дүние есігін ашқан "Тәуелсіздік құрдастарымен"кездесіп,дөңгелек үстел өткізді . Алдымен гимн ойнатылып,Мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған Тәуелсіздік туралы шағын баяндама оқылып,М.Бегалиева мектебінің түлектері,тәуелсіздіктің төл құрдастары елімізге танымал журналист Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлы бастаған барлық түлектер жайында өмір баяны,жеткен жетістіктері слаид арқылы көрсетілді.Сонымен қатар И.Е.Габдуллин,А.С.Беисова барлық қонақтарды құттықтап,Алғыс хаттарын және арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады. Айбарша Сырымқызы арнайы тренинг өткізіп,қызықты интеллектуалды ойындар ойнатты.Сонымен қатар ФАП меңгерушісі Еркин Ишанов Нәсіпқалиұлы қонақтарды айтулы мерекемен құттықтады.Мәдениет үйі директоры Абдрешова Айнұр Мұратқызы Мұхтар Шахановтың "Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы"өлеңін оқыды.Қонақтарымызға арналған әндер шырқалып,биде биленді.

#1991ЖЫЛҒЫТӘУЕЛСІЗДІКҚҰРДАСТАРЫ

#Тәуелсіздікке30жыл

0
0
193

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу - Yvision.kz