Жол қалпына келтірілді.
Құрметті жерлестер!
Елімізде орын алған жағдай тұрақталып келеді. Алайда, ауа-райының тосын мінезі аудан тұрғындарын біраз әбігерге салып келеді. Соның бірі жол мәселесі. Бүгін мен "Nur Otan" партиясының аудандық фракциясы төрағасы, аудандық мәслихат депутаты ретінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Ж.Ташуовпен бірге республикалық маңызы бар "Өнеге-Бисен-Сайқын" жолының "Қараағаш" деп аталып кеткен нүктесіндегі айналма жолды жай-күйін көруге бардым. Өздеріңіз білесіздер, осы бір нүкте әлеуметтік желіде де көптеп талқыланып келеді. Күні кеше ғана еріген қар, оған қосылған жаңбыр суы айналма жолды толтырған болатын. Су - тіршілік көзі. Жалпы, соңғы жылдары жаңбырдың жаууы азайып, қуаңшылық жайлаған өлкеге судың көп түсімі жерімізге, малға, жанға ауадай қажет. Десек те, ауа-райының қолайсыз күндері жолымызды біраз әбігерге салып отыр. Бұл жолды күтіп ұстауға құрылыс жұмыстарын жүргізуші "Ақжол құрылыс" ЖШС жауапты. Аудан әкімінің тапсырмасына сай, мердігер серіктестік су басқан айналма жолды жауып, күре жолдың қалпына келтіру бағытында біркелкі жұмыстар жүргізуде. Қазіргі күні жолда жүруге толық мүмкіндік бар. Тиісті компания өкілдеріне сын-ескертпелерде берілді.
Дегенменде, ауылдас ағайынды мүмкіндігінше ауа-райы қолайсыз күндері алыс сапарға шықпауға шақырамын. Алдағы күндері аталмыш жолдың жайы жіті назарда болатындығын баса айтқым келеді.
Осы салаға қатысты басқа да ұсыныс-пікірлеріңіз болса, жазуларыңызға болады.
Исатай Құрмашев.
