Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жолдау талқыланды.

М-С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінде Президент Қ. К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Нұр Отан партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И. Құрмашев, мектеп мұғалімдері және белсенді оқушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында, ең алдымен, қатысушылар жолдауда қозғалған негізгі мәселелер, білім саласында жасалған жаңалықтар, жаңа бастамаларға қысқаша шолу жасады. И.Құрмашев ел Президентінің жолдауында қозғалған негізгі бағыттар, әлеуметтік және экономика саласында жүзеге асырылып жатырған шаралар және алға қойылған мақсаттар туралы айтты. Тарих пәні мұғалімі К.Т.Нургалиева жалпы Президент жолдауларың маңызы, мақсаты, тарихы, міндеттері туралы айтып, жаңа жолдаудың халыққа үлкен мүмкіндіктер беріп жатқанын да айтты. Сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушылар да өз кезегінде жолдаудың тың тұстарын, қабылданған жаңа бастамалар, білім саласындағы жаңа өзгерістер, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік, ғылым саласына жасалатын қолдау, әлеуметтік саладағы өзгерістер және жолдауда қозғалған қазақ тілінің статусы, осы бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы өз пікірлерін білдірді.

0
0
234

Осы тақырып бойынша

Жолдау талқыланды. - Yvision.kz