Құл жиылып бас болмас, құм жиылып тас болмас
Осыдан 158 жыл бұрын АҚШ-та Құлдарды азат ету күні жарияланған болатын. Әрине, еркін ойлы болу, құлдық бұғауынан ажырау оңай болмаса керек. Дегенмен, Америка Құрама Штаттары нағыз демократия еліне айналды. Ал, менің құлдарға қатысты айтайын дегенім басқа бір кейс.Еркіндікке жіберілген афроамерикандықтардың бір тобы кезінде өздерін құлдыққа ұстап алған ата-бабасының елі – қазіргі батыс Африкаға барып, кешегі құлдар тәуелсіз мемлекет құрады. Бұл 1822 жылдар шамасы, 1824 жылы олар өз елін Либерия , яғни Азат ел деп атайды.Дегенмен, кешегі құлдықтан босап, Либерияға келген афроамерикалықтар не істейді дейсіз ғой? Либерияда жаңа мемлекетті құрушылар жергілікті халықтан өздерін жоғары қойып, байырғы тұрғындарды құлға айналдырады. Былайша айтқанда кешегі құлдар мен күңдер өзгені құл мен күңге ай…
