Мазмұнға өту
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

Сайтта 2016 ж. 21 наурызКазахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

жазбалар

315

пікірлер

85

тіркелуші

20

жазылу

1

Бір жылдан кейінгі базына

Осыдан тура бір жыл және бір күн бұрын, яғни 2022 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында өткен Торғай облысын ашуға қатысты ресми рұқсат етілген митингке қатысқан едім. Өткен шара туралы жазылды, қайталау артық болар, тек өз тарапымнан жалпы, мұндай шараға алғаш рет еркін қатысқан едім және мінберге шығып, жол, газ, ішкі туризм мәселелері бойынша сөз сөйлеген болатынмын. Өз ойымды тағы бөлісуді жөн көрдім:"Ассалаумағалейкум ағайын!Жаңадан ашылған Ұлытау облысының картасы шықты, аймақ бар болғаны екі аудан мен екі қаладан және бір қалашықтан тұрады екен. Сонда, 10 ауданнан және үш қаладан тұратын бұрынғы Торғай облысының облыс болуға мүмкіндігі жоғары деген сөз ғой.Ал, енді, тақырып бойынша айтсам.Миллиард пұт астық тапсырып отырған және кезінде әр совхозында 85 мың қойы болған Торғай облысы қа…

0
0
399

Катынь қырғыны

1-сурет. Катынь қырғынына ұшырағандар құрметіне қойылған ескерткіш, Польша1939 жылғы 23 тамызда фашистік Германия мен КСРО Молотов-Риббентроп пактіне қол қойып, Шығыс Еуропаны бөліске салды. Соның нәтижесінде, Кеңес Одағы Бессарабияны (Румыния жері), Балтық жағалауы елдерін (Эстония, Литва және Латвия), Польшаның және Финляндияның бір бөлігін басып алды. Әрине, аталған мемлекеттер ішінде қатты қарсылық көрсеткендер поляктар мен финдер болды. Алайда, финдер КСРО-ға қарсы соғыста 12 процент жерінен айырылса, поляктар екі майданда қос авторитарлық режимге қарсы соғысуға мәжбүр болды. Соғыс барысында поляк әскерлері қолға түсіп, КСРО билігі олардың, яғни, шетел азаматтарының көзін жою туралы шешім қабылдайды.2-сурет, Лаврентий Берияның Иосиф Сталинге Польша азаматтарын ату туралы жазған хатыС…

Айша Бибі және Бабажы Қатын кесенелері туралы

Осыдан біраз бұрын Тараз жеріне сапарымыз барысында едәуір нысандармен танысқан едік. Бір жақсы жері Жамбыл облысындағы көрікті һәм қызықты нысандардың басым бөлігі қалаға жақын маңда және шаһар ішінде орналасқан.Ақыртас кешенінен өзге, маған өте қатты ұнаған кешендер - ол Айша Бибі және Бабажы Қатын кесенелері болды.Айша Бибі кесенесі Тараз қаласынан батысқа қарай 20 шақырым жерде, Айша Бибі ауылында орналасқан. Бабажы Қатын кесенесімен бірге мемориальды кешенді құрайды, республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарих һәм мәдениет ескерткіштері қатарында. Сонымен бірге, 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген.Осыдан мың жыл бұрынғы кесене қабырғаларын ұстау сондай ғалам…

0
0
1046

Астрахань жеріндегі ноғай субэтникалық топтары туралы

Қарақалпақ, ноғай және қазақ тілдері ең жақын, туыс тілдер екені түсінікті. Қарақалпақ ағайындар туралы көбірек білеміз деп ойлаймын. Ал, жалпы, ноғайлар туралы мағұлматтарымыз жеткілікті десек те біздің олардың субэтникалық топтары туралы деректеріміз аз.Сонымен, ноғайлар негізінен Ресейде тұрады, саны ресми деректер бойынша 110 000, дегенмен, әдетте аз халықтар санын көп қылып көрсететін сияқты ноғайлардың өздері сандарын 150 000 шамасында дейді, меніңше, сол 110-150 мыңның арасында болар.Енді, субэтникалық топтары туралы.Бірінші, қарағаштар. Естеріңізде болса, ютубта қазақша сөйлеп жатқан бір әженің видеосы тараған болатын. Тілі қазақ тілінен еш айырмашылығы жоқ, тіпті, біздің батыс қазақтары сияқты "не зат" деп сөйлеп отырған ол әже қарағаш қызы болатын. Қарағаштардың мекені Ресейдің…

0
1
735

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі туралы цифрлар не дейді

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі туралы цифрлар не дейді:- бүгінгі күні Түркияда зілзала салдарынан қайтыс болғандар саны 35,4 мыңға жеткен;- Сирияда қайтыс болғандар 7 280 адам;- жарақат алғандар: Түркияда 105 500 адам, Сирияда - 9 000 адам;- жер сілкісінің эпицентрінде 3 млн. адам тұрады екен;- Түркияда 2,2 млн. адам апат шарпыған аумақтан көшірілген;- Сирия мен Түркияда жалпы саны 26 млн. адам гуманитарлық көмекке зәру;- Түркияда жер сілкінісі шарпыған аумақ - елдің 12 провинциясы, олар (жалпы, негізінен 10 провинция туралы айталады): Адана, Адыяман, Батман, Диярбақыр, Ғазиантеп, Хатай, Қаһраманмараш, Килис, Малатья, Османие, Шанлыурфа және Элязыг;- Түркия бойынша құтқару жұмыстарына 249 000 адам қатысып жатыр;- Түркияның шығыны 84,1 млрд. доллар, бұл дегеніңіз ел экономикасының 10 п…

0
0
289

Каракачандар деген кімдер?!

Біз әдетте Балқан түбегіндегі түркі халықтары туралы айтқан кезде ең алдымен Фракиядағы түріктер есімізге түседі. Жалпы, түрік ағайындар Осман империясы дәуірінен бері қазіргі Грекияның, Болгарияның, Солтүстік Македонияның, Косовоның, Сербияның, Босния және Герцеговинаның жерлерінде тұрып жатыр. Барлығында да азшылық саналады. Түрік ағайындардан кейін Балқандағы юрюктар, одан кейін гагауздар да түркі халықтарына жатады. Айтқандай, Румыния мен Болгарияда (Добруджада) едәуір қырым татары бар. Бірақ, менің қызығушылығымды тудырған Грекия мен Болгариядағы, Сербия мен Солтүстік Македониядағы каракачандар. Каракачандардың жалпы саны шамамен 20 мың ғана.Атаулары айтып тұрғандар каракачандар түркі текті халық, тек тілдері грекше, сәйкесінше діндері православ христиандар. Ал, оларды неліктен түркі…

0
0
598

Ресейдегі Красноярскінің ежелгі атауы Қызылжар екен

Тағы да Ресейдегі түркі атауларына қатысты қосымша мәлімет. Бұған дейін Ресейдегі Красноярск (миллионер) қаласының атауы түркі тіліндегі Қызылжардан шыққаны туралы жазған едім. Бұл тақырыпты бұдан әрі зерттеп көрдім. Аталған жердің хақастың мекені болғаны белгілі, ал, оларға дейін кет халқының ара (түркі тіліндегі ара, яғни, бал арасына қатысты) атты тайпасы өмір сүрген екен. Бұл тайпа кейін түркіленген, бірақ, бастысы, Красноярск маңындағы түркі жер-су атауларына тоқталсам:- Құм тиген тауы (орысша, Кум-Тигей, яғни, орысша, Қарауыл тауы деген мағынада);- 1628 жылы аралар хақастың хаас тайпасымен бірге «Краснояр татарлары» деген атауға ие болған;- дәл осы жылы түркі тайпаларынан қорғану үшін Ресей Қызылжардың орнында Краснояр острогын салған болатын;- қазір, жаңағы аталған ара тайпасы хақа…

-1
2
1096

О казахских красавицах Қамар сұлу, Айсұлу и не только о них!

О казахских красавицах Қамар сұлу, Айсұлу и не только о них!Қамар (сұлу) и Айсұлу распространенные казахские имена, но они имеют одно и тоже самое значение, правда только недавно обратил внимание на них.К этому предшествовал мой интерес к Африканским странам. Например, есть островное государство на Африканском континенте между северным Мадагаскаром и северным Мозамбиком. И что интересно, название страны произошло от арабского "қамар", то есть луна. И тут вспомнил произведение (роман) казахского поэта Сұлтанмахмұт Торайғырова "Қамар сұлу".Значит наши предки использовали оба варианта слова "луна".И дальше изучая названия других стран (в особенности арабских) пришел к интересным результатам.К примеру, название государства Бахрейн (островное государство в Персидском заливе) произошло от слово…

0
0
932

Той туралы толғау

Жалпы, біз қазақ болған соң өз салт-дәстүріміз бар халықпыз және реті келсе Алаш баласы ретінде ұстануға тырысамыз. Мәселен, мені де тойға жиі шақырады, дегенмен, кейде әртүрлі себептермен (жолда, саяхатта, іссапарда, өзге елде болумен және т.б) байланысты келе алмауым мүмкін. Ал, қазалы үйге міндетті түрде кіріп шығуға тырысамын.«Той десе қу бас домалайды» демекші, тойды кейбір ағайындар даттайды, өзгесі мақтайды. Меніңше, пандемиядан кейін тойға қатысушылар саны азайған сыңайлы (мәселен, 250-350 адам қатысқан тойларды көріп едім, қазір екі жүздің ар жақ, бер жағы). Даттаушылар бекерге «мал шашпақ» дейді, меніңше, тойдың өз функциясы бар. Ол, туыс-туғанның, ағайынның, көптен көріспеген жора-жолдастың басын қосады. Осындай той-томалақта бір-бірін көптен көрмеген, әсіресе жастар жолығысады…

0
0
253

40 жыл қырғын көрген Ауғанстан немесе ауған халықтары туралы

Ауғанстан деген елдің аты айтып тұрғандай ата-бабамыз талай рет табан тіреген жұрт еді. Географиялық орналасуы солай, аталған елде 30 шақты түркі-парсы тектес халық тұрады. Мысалы түркі тектес өзбектер, түркімендер, қызылбастар, қырғыздар, афшарлар елдің Ауғанстан Түркістанын құрайды. Одан өзге шараймақ, хазарей сияқты монғолидтың белгілері анық білетінетін халықтар бар. Бір қызығы сол хазарейлердің арасында барлас, найман, ойрат, үйсін, татар, қарлық, қыпшақ, ұйғыр, түркімен, қазақ, қырғыз атты рулар бар.Халқы 40 млн.-ға тақау (дәл қанша жұрт барын, оның қаншасы өзге елге кеткенін бір Алла ғана білер) Ауғанстан тоғыз жолдың торабы болған соң өзге жұрттық жаулап алушыларды әрқашан қызықтырып отырған және оны ешкім ешқашан бағындырмаған деген пікірді оқып қалдым.Енді, арғы тарихына тоқталм…

0
0
784