Мазмұнға өту
Masa77

Ернар Масалим

@Masa77

Сайтта 2015 ж. 26 наурызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

99

жазбалар

156

пікірлер

221

тіркелуші

81

жазылу

1

Найман, Арғын қосылса...

Шежіре – қазақи тарихи санада мықты орын алған ата тегі, тектілік туралы қауымдық, коллективтік түсінік. Шежірелердің нақтылығы олардың алуан түрлерін бір-бірімен және жазба тарихнама деректермен салыстыру арқылы анықталады. Кеңес дәуіріндегі тарихнамада шежірелер есепке алынбай ғана қоймай, оларға мүлдем қарсы пікір қалыптасты. Әйтседе, шежірелер қазақ санасында өшкен емес... Ата жұртымның шежіресі НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ Ұраны – Қаптағай!Найман -> Сарыжомарт, Төлегетай, ТерістаңбалыТөлегетай -> Қаракерей, Садыр, Матай, ТөртуылҚаракерей -> Тоқпақ, Жанқұлы, Қазығұл, Базархан, МейрамМейрам -> Байторы, ЕрторыБайторы -> Байыс, Балқыбек, ЖалқыбекБайыс -> Сарымырза/Мұрын/, Сыбан, Қыржы, Ахметқұл,Байғана, Болатшы, Жұрынтай және (Әз) Мақтақыз /Тоқтарқожаның әйелі/Тоқтарқожа / Мақтақыз / -> Байжігіт, Жан…

0
0
7569

Әкем көрген Желтоқсан

Төмендегі естелік жазбалар әкемнің жеке мұрағатынан табылып, кейін «Тәңір Құтын іздедім» атты кітабына еңген болатын. 1997 жылы, Желтоқсан Көтерілісін еске алу күндері қарсаңында жазылған болса керек. Ол кез қазақ қалай болғанда да Желтоқсанды жүрегімен сезініп атап жүрген уақыт болатын.Ал әңгіменің Түйінінде жазылған дүниелер қазір да пәлендей өзгермеген болса керек....Шәуен Мәсәлім ұлы: "Желтоқсан көтерілісінен алған әсерлерім".1. Алаңға барғаным туралы.1986 жылдың 17 желтоқсаны жұма күні болатын. Алматы шаһарына жақын Шамалған аулына сонау Семей полигон аймағынан көшіп келгеніме бір ай толмаған мерзім еді. Бұл ауылда діни ғибадат орны болмағандықтан, соған таяу Қарғалы қалашығындағы мешітке барып келсем, алдымнан немерем шығып: «Үйге өзіңіздің танысыңыз, «Қайран қазағым» ата келіп отыр…

0
1
1613

Қандастарына қол көтерме

Көтен бе, Құтан ба? Аса ірі қазақ – қыпшақ тобын Еуропаға бастап апарған, орыс жылнамаларынан, Еуропа хроникаларынан белгілі хан Көтеннің Тәңір сыйлаған есімін осы күнгі зерттеушілер ерсі көріп, біресе Қотан, біресе «құт» деген түбірден шығарып, Құтан деп атап жүр. Үлкен ғалым, бірегей қыпшақтанушы, академик Болат Көмековтың айтуынша қыпшақтардың Дунай жағалауына жеткізген бабамыздың аты - Көтен. Көтен деген сөздің лексикалық мағынасы ол заманда осы күнгі ерсі бірбеткей мағынасынан кеңірек, байырақ, күрделілеу болған - «ұлы, үлкен» деген мағынаны білдірген. «Ұлы сөзде ұят жоқ» дегеннің дөп түскен жері. Қазақ тілің қарабайыр түсініп жүргендер терең, көп мағыналы қазақтың қара сөздерінің заман ағысында мың құбылып құлпыра түсіп, өзгеретінің білмейтіндей. Бірдең еске түсетін «Қара», «Сары» д…

-3
0
2780

Еуропа қазақ қыпшақтары тарихынан

Еуропаның қақ ортасында орналасқан Мажарстанда (орысша "Венгрия") Құдайдың құтты жылында өтетін Құрылтайға әлемнің төрт тарабынан құтты қонақтар шақырылады. Сонғы жылдары ғана қазақтын тойына ұқсап, ойын-сауық пен «ішіп-жеу», құрсақ мейрамына айналып кеткендей, ал бұрын Құрылтай шеңберінде Тарихи конференциялар да өтетін. Оған төрткүл түрік әлемінен атышулы зиялылар келетін. Қайсыбір жылы осындай конференцияға Жапониядан атақты профессор Хидео Мацумото, Индиядан доктор Саши, Италиядан белгілі ғұндардың тарихын зерттеуші профессор Гугиельмино Розальбо, Моңғолиядан доктор Ерденебатор, Қазақстаннан професор Ерден Қажыбек, академик Болат Көмеков, т.т. шақырылған-ды. Менің ойымша бұндай шақыру географиясы кездейсоқ емес. Жиырмасыншы ғасырдың басында мажар ғылымы мен саясаттануында «Тұран теори…

-3
2
5758

Қазақтар мен мадьярлар

Өткен демалыста Алматыда өткен «The Spirit of Tengri» әуен фестивалында Мажарстаннан (орыстар «Венгрия» дейді) келген «Tilla Tөrөk,s Band» этникалық музыка тобы екі қазақша композицияларымен жиналған жұртты серпілтіп тастады. Мен Мажарстанда жиы болғандықтан, маған бұл таңсық емес. Мажарлардың қазаққа, қазақ өнеріне, тіліне деген қызығушылығы керемет (тек кейде өзіміз олармен орысша сөйлеп, көңілдерін суытып алатынымыз болмаса). Таңдап алған өлеңдері - "Туған жер"... Ал мына домбыра ұстаған мадиар әдемісін жыл сайын Мажарстанда өтетін дәстүрлі Құрылтайда рәсімдеп алдым... Бұл қайдан туған қызығушылық? Тауарихқа сәл үңілейік... 898 жылы Еуропада ғайыптан пайда болған көшпенді халықтың көсемі Алмастың ұлы Арпад Қарпат тауы мен жазығын өз әулетіне аманат етті. Еуропаның бұл өңіріне неге оның…

-4
0
2702

Көкбөрілер заманынан елші.

Бес аспап, қазақшаға судай мажарстандық (венгриялық) туркітанушы ғалым, әйгілі Іштуан Қоңырдың шәкірті Дәуіт Қара Шомфай жақында өзін режиссер ретінде таңытып Алматыға «Азияның жүрегіне саяхат» атты деректі фильмін алып келді. Алғаш хабарды естігенде: «Дәуіт Мандоки Қоңыр туралы киносын әкелді ме?»- деп құлағым елең ете түскені бар. Өйткені, осыдан үш-төрт жыл бұрын ол Алматыға серіктерімен асай-мүсейін арқалап «Қоңыр туралы кино тусіруге келдім»- деп, мені тапқан болатын. Ол кезде көзі тірі, кезінде Қоңырды қатты құрмет тұтқан, оған көп септігін тигізген Турсынбек-аға Кәкішевке, Қоңыр казақ тіліне қандай жанашыр болса, қазір Қоңырдың аты мен сол тілге нағыз жанашырдың бірі емес, бірегейі профессор Ерден Қажыбекке, басты ғылыми еңбегін Қоңырдың әруағына бағыштаған Марат Сембіге, тағы басқ…

-4
0
3887

Қазақтың жоқтауы қазақшылықты жоқтауға айналмаса болғаны...

Ең алғашқы бізге жеткен қазақи жазба жоқтау Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік(ке)» енген-ді. (Құлтегін жазуын есепке алмағанда: «... Сақынттым... көрер көзім көрместей болды, Білер білігім білместей болды... Сақынттым... О, Тәңір-ай, кісі ұғылы өлмей қалмастай...» Ел сүйген Алп Ер Тұңға ғайыпқа кеткенде қара халық белі қайысып жоқтау айтқан екен, сол жоқтау атадан балаға жетіп, ХІ ғасырда аталған кітапқа кірген: «Алп Ер Тұңға өлді ме? /Жаман дүние қалды ма? /Заман өшін алды ма? /Енді жүрек жыртылар! /Ер еді асын татырған, /Зұлым жауды қашырған. /Мойнын тұтып қайырған...». Ғажап! Әр сөзі... Бұдан кейінгі құлағымдағысы нағашыларым арғын (Тобықтыны арғын десек) елінің «Ақжолы» атанған Дайырқожа би ұлы Қодан-Тайшының сүйегін айнала жүгіре жүріп жылап айтқаны: «Қара Қыпшақ Қобыландыда н…

-2
7
5061

Тәңір Құтын іздеген.

Менің әкем Шауен 1920 жылы күнгей Тарбағатайдың баурайында, түгің тартсаң майы шығатын, кедей, жоқ-жітігі жоқ жерұйықтай Құлыстайды мекендеген Жұмық тайпасының төбе биі Мәсәлімнің (Мұхамед-Сәлімнің) шаңырағында тура 22 наурызында дүниеге келген екен. Азан шақырылып қойылған аты Наурыз Хан болыпты. Бұл есім, тіпті, мешіттің көне тәпсір кітабына да тіркелген. Бала кезінде еркелеп Науан аталып, кейіннең туылған айының арабша Шаабан айдарына байланысты Шағбан аталған екен. Осылайша, Наурыз Хан «Науан – Шағбан – Шәуенге» айналыпты. Осы есімі мәңгілікке жалғассын деп әулетіміздің кенжелерінің сойы да Шәуен болып қалды.Әкемнің өмірінде басқа да metamorphosis аз болмағанға ұқсайды.Ары қарай әңгімені қазақ әдебиетінің зәңгісі мен уаны, білгір, көреген, ғұлама Қабдеш-аға Жұмаділовтың айтқаны, жазға…

-1
1
3620

Жанымды қасиет пен киеге толтырады...

«Аллаһ деген сөз жеңіл, //Аллаға сөз қол емес,//Ынталы жүрек, шын көңіл,// басқасы Хаққа жол емес...». Абай. «Алланың өзі де рас, Сөзі де рас...» Абай. «Ислам діні – әлемдегі ең парасатты, ең табиғи дін екендігіне күмән келтіруге болмайды. Ислам дінінің тағы бір қасиеті: алдынғы діндерді, олардың пайғамбарларын ешқашан жатсынып, шетке қақпай, толықтырып, түгендеп отырған». Шәуен Мәсәлім. «Тәңір Құтын іздедім». Еуропа ойшылдары және Ислам. ХХ ғасырдың басынан Батыс Еуропаның интеллектуалдық элитасы ислам дінін оқып зерттеуге көп көңіл аудара бастағаны белгілі. Бұл зиялы топтың басшысы француз эзотерик ғалымы Рене Генон болды. Оның «Қазіргі әлемнің дағдарысы» және басқа да еңбектері ғасырымыздың фәлсафалық ойының дамуына үлкен әсер еткені даусыз. Рене Генон Люк Бенуа Аталған Генон, ибн Араб…

-4
0
2004

Қүңіреніп күн түбіне жортқандар...

«Маған қазақ тілі орыс тіліндей бағынбайды, мені қазақ тілі орыс тіліндей мойындамайды» деген күпті көңілмен екі-үш жыл бұрын алдыма ақ қағаз жайып, қолыма қалам алғам. Себебі, мен Абай аулында туып өссем де орыс мектебінде оқыдым, ұстаздарым Марина Владимировна және қазақ болса да Пәленгүл Түгенбаевналар болды. Әріп танығаннан бастап суша сімірген кітаптарымның бәрі орыс тілінде екен.Орыс тіліне өкпем жоқ. Соны сусындап өстім. Біздің Қарауылдың кітапханасы, қазір ойлап отырсам, бір ғажап дүние екен ғой. Қоры ғаламат бай, қандай кітаптар жоқ дейсің! Көне гректер мифтарынан бастап капитан Майн Ридтің Оңтүстік теңіздерінің қиял-ғажайыптарын және американ үндістерінің жанкешті өмірін суреттейтін романдарымен бүкіл батыс және орыс классикасына дейін - бәрі бар.Жолдастарымның көбі неміс балала…

-4
0
2496